ҚазақшаҚазақша
View Video
 
0 дауыс
0
198
Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 100-ге жуық адам құтқарылды
Бұл өңірде соңғы 6 тәулікте толассыз қар жауып, кейбір таулы аудандарда қарлы дауыл соғып тұр. Бірақ соған қарамастан, кейбір тұрғындар жолға шығып кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері «Өскемен-Самар», «Семей-Алматы» және «Семияр-Қарабас» бағыттарындағы жолда қарға қамалған 16 көлікке көмек көрсетіп, ондағы жолаушыларды жақын ауылдарға жеткізді. Құтқарушылардың айтуынша, қазір Шығыс Қазақстандағы республикалық маңыздағы жолдардың көбісі көктайғақ. Ұйтқи соққан бораннан жолдар өте нашар көрінеді. Ғафур Ақаев, облыстық ТЖД құтқару қызметі басшысының орынбасары -Құтқару жұмыстары өте қиынға түсті. Өйткені қарлы бораннан жол мүлдем көрінбейді деуге болады. Бірақ соған қарамастан, құтқарушылар жолда қалған адамдарға жетіп, жылыту орындарына жеткізді. khabar.kz 15 Қараша 2016
Videos From This Album
 
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ
Author
Video info
 
Қай күні:
17.11.2016 (526 Күн бұрын)
Орнату:
Actions
Бөлісу