ҚазақшаҚазақша
Author
Сипаттамасы
Бұл курс Java тілінде бағдарламалау негіздерін зерделеуге арналады. Курс құрылымы мысалдармен түсіндірілетін 12 негізгі тақырыптан тұрады. Бірінші тақырыпта қарапайым мысал түрінде бағдарлама құрылымы, Eclipse визуалдық ортасын қолдану арқылы және онсыз бағдарламаны іске қосу қарастырылады. Екінші тақырыпта мысалдар арқылы Java бағдарламалау тілінде қолданылатын деректердің типтері мен деректердің бір типін екінші типке түрлендіру туралы айтылады. Үшінші тақырыпта Java-ның арифметикалық, логикалық операторларымен және математикалық функцияларымен қалай жұмыс істеу керектігі көрсетіледі. Төртінші тақырыпта if, if-else және switch шартты операторларын қолдануға мысалдар келтірілген. Төртінші тақырып шартты оператордың қолданылуын көрсететін мысалдардан тұрады. Келесі бесінші тақырыпта for, while және do ... while циклдері операторларының жұмысы мысалдар арқылы көрсетіледі. Алтыншы тақырып Java тілдерінің массивтері: массив ұғымы, массивті хабарлау, бір өлшемді және көп өлшемді массивтер құру туралы материалдардан тұрады. Жетінші тақырыпта объектілік-бағытталған бағдарламалаудың кластар және объектілер сияқты ұғымдары туралы айтылады және олардың қалай жасалатындығы мысалдармен өрсетіледі. Сегізінші тақырыпта объектілік-бағытталған бағдарламалау құрылатын үш негізгі қағида: инкапсуляция, туындау, және полиморфизм туралы айтылады. Тоғызыншы тақырыпта Java тілінің дестелері мен интерфейстері дегеніміз не, олар не үшін қажет екендігі туралы айтылады. Онынша тақырыпта Java тілінің ерекшеліктері және оларды қалай өңдейтіндігі туралы айтылады. Он бірінші тақырыпта мысалдар арқылы параллель бағдарламалау негіздері: ағындарды жасау, жұмыс істеу және синхрондау көрсетіледі. Соңғы тақырыпта Java тілінде деректерді енгізу-шығару қалай жүзеге асырылатындығы және бұл үшін қандай кластар қолданылатындығы туралы баяндалады.
Browse videos from album "Java бағдарламалау тілі - қазақша онлайн курс"
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ