ҚазақшаҚазақша
Author
Сипаттамасы
Оқу-білім үшін бағдарламалар мен қолданбалар курсы жаңа технологияны қолданатын бағдарламалар көмегімен сабақты ыңғайлы түрде және қажет болған жағдайда қашықтан өтуді көздеген мұғалімдер мен білім алушылар үшін жетекші құрал болып табылады. Ұсынылған бағдарламалардың барлығы интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жақындатуға, сондай-ақ, өз бетінше жаңа ақпараттар іздеп, интернет арқылы үйренуге негізделген. Сабақ барысында бұлтты сервистермен жұмыс жасау, вебинар арқылы қашықтан оқыту, youtube көмегімен сабақтар үйрену және канал ашып, лекциялар жүктеу, көрнекті презентациялар жасау, жылдам әрі жеңіл тест жасау, скайппен жұмыс, сөздіктерді және энциклопедияларды қолдану қарастырылады. Бұл бағдарламалардың көмегімен, сіз тіпті, іссапарда жүрген жағдайда да сабақты үзбей онлайн түрде өткізуге мүмкіндігіңіз бар.
Browse videos from album "Білім беруге арналған бағдарламалар мен қосымшалар - қазақша онлайн курс"
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ