ҚазақшаҚазақша
View photo
 
0 дауыс
0
274
Құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа тәртібі
2016 жыл әрбір қазақстандық үшін маңызы зор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен ерекшеленетіні белгілі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің ауысуымен, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың құрылуымен және мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үрдістерімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның біріншісі «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының маңызды аспектісі оның базалық нормаларының құқық қорғау органдарына да таралуымен байланысты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған Заңның, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтетіні туралы баяндалатын нормасы қолданысқа енгізіледі. Яғни құқық қорғау органдарына алғаш рет орналасатындар үшін іріктеу тәртібі әкімшілік мемлекеттік қызметке ұқсас болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесі жылдың басынан бастап құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден үміткердің өтінішінде көрсетілген тестілеу бағдарламасы бойынша өтеді. Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген 3 тестілеу бағдарламасынан құралған. Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған. Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 құқықтық нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтын 95 дұрыс жауап беру қажет. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамының лауазымдарына анормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, сонын ішінде 63 дұрыс жауап берілуі тиіс. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамына арналған және 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35 жауап беру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жыл ішінде жарамды. Заңнамадан тестілеу қорытындысы бойынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді. Бірінші бағдарламасы бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 120 сұрақты қамтиды, орындау уақыты 90 минутты құрайды. Екінші бағдарлама бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 96 сұрақты қамтиды, орындауға 75 минут беріледі. Жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердің мықты жақтары мен кемшіліктерін, үміткерлердің қабілеттіліктерін анықтап, соның ішінде, азаматтардың қажеттілік мүдделеріне және қасиеттеріне хабардар болуын, адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін анықтауға көмектеседі. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау бойынша қорытынды үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді. Тестілеуден өту үшін электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын-ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде өткізіледі. Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу залдары мобильді байланысты бәсендету құралдымен, үміткерді айқындау мақсатында кард-ридерлермен, әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процессінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камераларымен жабдықталған. Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын жеке сәйкестендіру құжаты бар үміткерлер қатыса алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI-ғасырда дамудың басты факторы қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту екендігін айтып өтті. Құқық қорғау органдарының тәртібіне енетін жаңашылдықтар өз пайдасын әкелетінін атап өту керек, өйткені кадрларды іріктеудің жаңа тетігі үміткерлерді жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін үш кезеңнен құралады. Үміткерлер тестілеу үшін құжаттарды тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті алу үшін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен 40-27-98 телефоны бойынша немесе Көкшетау қаласы, Горкий көшесі 73 (4 қабат), №408 кабинет мекенжайы бойынша ала алады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева
Photos From This Album
 
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Author
Actions
Бөлісу