ҚазақшаҚазақша
View photo
 
0 дауыс
0
212
Аттестация жайында
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақкөл ауданында 100 нақты қадам ұлт жоспары «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» реформасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды. Семинардың жұмысында жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аймақтық аудандық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Семинардың модераторы Департаменттің басшысы Б.Беспалинов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызмет саласында бақылау мәселелеріне тоқтала кетіп, 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіруге баса назар аударды. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шараға жалпы 113 адам қатысты.
Photos From This Album
 
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Author
Actions
Бөлісу