ҚазақшаҚазақша
View photo
 
0 дауыс
0
166
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 КИЛОГРАМНАН АРТЫҚ ГЕРОИН ТӘРКІЛЕНДІ
20 желтоқсанда ІІД, Қарасай АІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және кинология қызметі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралараның негізінде 1 килограмнан артық есірткі заты тәркіленді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Алматы облысы, Жамбыл ауданы «Ақтерек» бақылау бекетінде 54 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны басқаруындағы Ниссан-цефиро автокөлігі тоқтатылып, тексерілген. Тексеру барысында «Альма» атты иісшіл иттің көмегімен автокөліктің жүксалу бөлігінде іші ақшыл сары ұнтақ тәріздес затқа толы пластмассалық бөтелке табылған. Сот-химиялық сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттың салмағы 1 килограмм 10,8 грамм «Героин» екендігі анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу). Ұсталған азамат Қарасай АІІБ-на уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, ағымдағы жылы заңсыз айналымнан Алматы облысы ІІД қызметкерлерімен 4 кг 681,15 гр.героин тәркіленді.
Photos From This Album
 
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Author
Actions
Бөлісу