ҚазақшаҚазақша
News

Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісовтің «Жас қала, жас қаламгер» атты шығармашылық апталығының аясында (22-28 қыркүйек) 27-ші қыркүйек күні  сағат 18.30-да  Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына орай драматург қаламынан шыққан «Сәкен сұңқар» атты тарихи трагедиялық драмасының премьерасы көрерменге жол  тартпақ. Спектакльдің қоюшы режиссері – Әлімбек Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің тағдыры тар жол тайғақ кешумен өтті.  Алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады. Аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді. 

Сондай-ақ, қазан айының 8-ші жұлдызында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының XXIV жаңа маусымы ашылып, көрерменімен қауышады. Маусымның алғашқы қойылымы жылдағы дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясымен  (қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Әлімбек Оразбеков) ашылады.  

25.09.2014, 13:57
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
0 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus