ҚазақшаҚазақша
News

Бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан аталмыш жиын «баспа БАҚ-ты интернетке шығару» жобасы негізінде ұйымдастырылды. Конференцияда  заман көшіне ілескен баспа БАҚ-тың болашағы мен оны ары қарай ілгерілету, дамыту, ақпараттық, техникалық қолдау көрсетуді мақсат қоя отырып, семинарлар мен тренингтер өткізілді. Бағдарлама барысында 13 спикердің, жоғарғы оқу орындары профессорларының баяндамалары оқылды. Спикер ретінде «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, С. Демирель атындағы университеттің оқытушысы, медиа тренер Асхат Еркімбай, Еsquire.kz интернет-ресурсының шеф-редакторы Гульнар Бажкенова, «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының төрағасы  Айдар Қырықбай, блогерлер Анна Осипова, Бақытжан Бұқарбаев, «MediaNet»  халықаралық  журналистер орталығының директоры  Игорь Братцев сынды тұлғалар қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2111 БАҚ ұйымдары тіркелген. Оның ішінде 1357-і газет, 503-і журналды құрап отыр және 800-ге жуық баспаның интернетте электрондық нұсқасы жасалды. Бұл жоба «Ақпараттық Қазақстан-2020» атты мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып отыр. Қазақ тіліндегі баспа БАҚ-тың көшін «Егемен Қазақстан» және «Айқын» қоғамдық-ақпараттық газеттері бастап тұр. Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, баспа БАҚ-тың интернеттегі ресурстарына кіріп, керекті мәліметтерге қанық болған оқырманның назарына «Капитал», «Ақжайық», «Казахстанская правда» баспалары ілінді. Бұл- баспа редакцияларының тираждық таралымынан гөрі интернеттегі ресурс оқырмандарының артып отырғанын көрсетіп отыр. Мәселен, интернеттегі ресурстары арқылы танымал болған Zakon.kz, Tengrinews.kz, Bnews.kz  елімізде көштің алдын бастады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі баспа БАҚ-тың көбеюі  мемлекеттік тілдің насихатталуы мен  дамуына өз үлестерін қосып отыр.

  "webpress.kz" жобасы

29.09.2014, 17:10
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
0 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus