ҚазақшаҚазақша
News

23, 24 сәуірде Алматы қаласындағы Арбатта (Жібек Жолы даңғылы бойында) ұлттық киімдер мейрамы өтеді. Шара 29 сәуір күнгі «Қазақтың ұлттық киімі» мейрамы қарсаңында ұйымдастырылады.

Бұл мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде атап өту жаспарда бар. Алматы қолөнер палатасы IRIS event-агенттігімен бірлесе отырып, Алматы қаласында осы мейрамның аталып өтуіне ұйытқы болып отыр. Ұйымдастырушылар үлкендерге де, балаларға да арналған қызықты бағдарлама дайындаған. Шарада танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді. Бағдарламада кәсіби дизайнерлердің және ұлттық шеберлердің Fashion-шоуы да бар. Дизайнерлер мен қолөнершілер алматылықтардың және қала қонақтарының назарына ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін ұсынады.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Алматы қаласының мыңжылдығына арналады. Ол қала әкімдігі мен Алмалы аудандық әкімшілігінің қолдауымен өтеді. 

20.04.2016, 14:30
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
1 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus