ҚазақшаҚазақша
News

Референдум қорытындысын алғашқы болып жариялаған аудандар Шотландияның Ұлыбритания құрамынан шығуына қарсы дауыс берді. Клакманнанширде 19,036 мың адам «Жоқ», 16,350 «Иә» деп жауап берді, дауыс беруге халықтың 89% қатысты.  

Вестерн Айлс, Оркней және Шетланд тұрғындары да тәуелсіздікке қарсы дауыс берді.

Вестерн Айлс нәтижелері: 10,544 «Жоқ» пен 9,195 «Иә». Оркней: 10,004 «Жоқ», 4,883 «Иә». Шетленд: 9,951 дауыс 5,669 дауысқа қарсы, тәуелсіздік қозғалысы мұнда да жеңіліс тапты.  

Сайлау маманы Джон Кертистің ойынша (Стратклайд университетінің профессоры), Клакманнанширдағы нәтиже тәуелсіздік жақтаушылары үшін ауыр тиді. Олар Шотландияның бұл шағын ауданынан жақсы үміт күткен болатын.  

Өзге де қызықты фактілер:

- Полиция Глазгодағы 10 дауыс беру бюллетеніне байланысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Алдын ала белгілі мәлімет бойынша, бұл бюллетеньдер заңға қайшы жолмен пайдаланылған.

- Нәтиже белгілі болғаннан соң, түске таман Королева жазбаша мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

- Премьер-Министр Дэвид Кэмерон нәтиже белгілі бола салысымен Шотландия халқының маңызды шешіміне қатысты пікірін тікелей эфирде білдіреді деп күтілуде.

Сараптамалық пікір: BBC медиа компаниясының Шотландиядағы саяси редакторы Брайан Тэйлор.

Алғашқы үш нәтиже «Better Together» қозғалысы (Шотландияның Ұлыбританияда қалуын қолдаушылар) үшін жағымды жаңалық, алайда бұл Шотландияның ең шағын аудандары. Шетландқа келер болсақ, олар тәуелсіздік алу-алмау мәселесінде белсенділік танытқан емес.

Шотландиядағы 16-17 жастағы азаматтар алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Барлық жергілікті аудандардағы нәтиже белгілі болған соң, дауыс нәтижесіне санаушы бас офицер Мэри Питкэйсли Единбургтың сыртында орналасқан Royal Highland Centre деген жерде референдум қорытындысын жариялайды.

Нәтиже таңға жуық (Ұлыбритания уақыты бойынша) белгілі болуы мүмкін. Лондон мен Астана арасындағы уақыт айырмашылығы 5 сағат құрайтынын ескерсек, біз референдум нәтижесін түске таяу біле аламыз.

Референдум комиссиялары бейсенбі күні барлық дауыс беру станцияларында адам көп болғандығын, ұзаққа созылған кезектер пайда болғанын баяндауда.

Шығыс Данбартоншир дауыс беруге қатысу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл өңірде тұрғындардың 91% тәуелсіздікке қатысты өз ұстанымын білдірді. Шығыс Ренфрушир мен Стирлингте қатысушылар сәйкесінше 90,5% бен 90,1% құрады. Алайда Глазгода белсенділік шамалы төмендеу, 75%, ал Дандиде 78,8% және Абердинде 81,7%. 

Дереккөз: BBC

19.09.2014, 09:15
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
0 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus