ҚазақшаҚазақша
News

ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ереже:

Байқаудың атауы: «Инновациялық технологияны пайдалану арқылы фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» (бұдан әрі - Байқау).

1.1. Байқаудың мақсаты: Халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерінің фольклорлық мәтіндердегі бейнелену барысын, ұлттық колоритін сақтай отырып  қағаз бетіне түсіру, яғни сөзбен салынған бейнені бояумен салынған бейнеге айналдыру. 

1.2.  Байқаудың міндеттері:

- Әр мифтік бейненің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету;

- Жиынтық бейнелердің халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына сәйкес визуалды бейнесін жасау;

- кез-келген мифтік қаһарманның нақты сұлбасын қалыптастыру арқылы мультфильмдердегі, балаларға арналған әдебиеттердегі, оқулықтардағы әркелкі суреттерді біріздендіру; 

- Ұлттық нақышқа толы төл кейіпкерлерімізді визуалды түрде беру арқылы жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіртіп, ұлттық идеяны қалыптастыру;

- Жалпы жұртшылықтың, әсіресе жас жеткіншектердің қазақ фольклорын танып-білуге, зерделеуге деген құштарлықтарын ояту;

1.3.  Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырады.

1.4. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасының құрамын бекітеді.

ІІ. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

2.1. Байқау материалдары 2015 жылғы 9 қазан мен 19 қараша аралығында  www. tilortalyq.kz сайтында жалпы жұртшылық тарапынан ашық дауысқа түседі. Байқау жеңімпаздары ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес анықталады. Жеңімпаздарды айқындайтын шешуші кезең 2015 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қаласы, Абай көшесі, 14. өткізіледі.

 2.2.  Байқау жұмыстары ережеге сәйкес 2015 жылғы 10 қарашаға дейін lingvo@,  tilortalyk.kz  электрондық поштасына қабылданады. Анықтама телефондары: 8 701 915 67 76; +7 (7172) 408 393, Лингвистикалық зерттеулер және терминология бөлімі;

2.3. 2015 жылғы 10 қарашадан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

2.4. Ұйымдастырушылар алқасы және жоба идеясының авторы байқау материалдарының мазмұнын өзгерту, өңдеу, толықтыруға қатысты өз пікірлерін қоса алады.

2.5. Ұйымдастырушылар алқасы және жоба идеясының авторы суретшілер туралы толық мағлұматты көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор бетінде, баспаларда жариялауға құқылы.

2.6. Байқау Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша гранттық қаржыландыру негізінде орындалып отырған ғылыми жобаның бір тармағы болғандықтан Ұйымдастырушылар алқасы және жоба идеясының авторы байқау жеңімпаздарының еңбектерін төмендегі мақсатта пайдалануға құқылы:

2.6.1. Ұлттық технологияларды пайдалану арқылы кең ауқымды, ұзақ мерзімді жұмыстар жүргізуді жоспарлау (түрлі-түсті суреттермен иллюстрацияланған кітаптар, монитордан бейнесін көру мүмкіндігі  бар аудиокітаптар, мультфильмдер жасап шығару жолдарын қарастыру);

2.6.2. Дайын өнімді жарнамалау, насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу (ұлттық кейіпкерлердің қатысуымен компьютерлік ойындар, бояма кітаптар, дыбысталатын ойыншықтар шығарудың тұжырымдамасын және бағдарламасын жасап, тиісті орындарға ұсыну);

2.6.3. Бекітілген мифологиялық кейіпкерлердің бейнелері мен мәтіндерін қоса беріп, түрлі-түсті кітап түрінде шығарып, жіктеме бойынша тарату

2.6.4. Фольклорлық кейіпкер туралы толық мағлұмат беретін компьютерлік база құрастыру.

2.7. Байқауға қатысу үшін өтініш білдірушілерден қатысушы жарнасы алынбайды.

ІІІ. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

3.1. Байқауға сурет салу қолынан келетін және қазақ тілін еркін меңгерген  Қазақстан Республикасының барша азаматтары қатыса алады.

3.2. Қатысушы байқауға қатысу үшін төмендегі әрекеттерді жасауы тиіс:

3.2.1.  www. tilortalyq.kz веб-сайтына тіркелу;

3.2.2. Фольклорлық кейіпкерлердің сайттағы мәтіндік сипатымен және зерттеушілердің тұжырымдарымен мұқият танысу;

3.2.3. Таңдаған кейіпкердің қырынан және алдынан қарағандағы беліне дейінгі көрінісін және сол кейіпкердің  қырынан және алдынан қарағандағы ұзына бойы көрінісін төрт түрлі етіп түрлі-түсті бояумен салу;

3.2.4. Веб-сайттағы байқауға қатысып, оқырмандардан ең көп ұпай жинау және қазылардың оң бағасын алу;

3.3. Веб-сайтқа тіркелгеннен кейін, Қатысушы Қазақстан Республикасында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы екендігін, аталмыш Ережемен танысқандығын және олармен толық келісетіндігін растайды, сондай-ақ Ұйымдастырушы мен олардың өкілетті тұлғалары оның есімін, суретін (фото- бейне-) және сұхбатын әрі қарай жоба мақсатында қолдануына, көпшілікке жариялауына келісімін береді.

ІҮ. Байқау ұйымдастырушыларының құқы:   

4.1. Ұйымдастырушы байқауға аталмыш Ереже талаптарына сай келмейтін Қатысушыларды, сондай-ақ толық емес және (немесе) жалған ақпарат берген қатысушыларды қатыстырмауға құқылы.

Ү. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау:

5.1. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды суретшілердің веб-сайттағы жинаған дауысын есепке ала отырып, қазылар алқасы анықтайды.

5.2.  «Инновациялық технологияны пайдалану арқылы фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» тақырыбында өткізіліп отырған   Байқау қорытындысының соңында жеңімпаз қатысушылардың ең үздік жұмыстары www. tilortalyq.kz сайтының базасында жарияланады.

5.3. Әр мифтік кейіпкер бойынша бір жеңімпаз анықталады. Байқауда  жеңімпаз атанған азамат қаржылай сыйақымен марапатталады.

5.4. Байқау жеңімпаздарының ақшалай сыйақысы 20 таңбалы сандық жеке төлем шотына аударылады. Байқау жеңімпаздары жеке куәлігінің нотариус арқылы куәландырылған көшірмесін, ЖСН-ның және  20 таңбалы сандық жеке төлем шотының көшірмелерін төмендегі мекенжайға пошта арқылы жіберуі тиіс:

ҮІ. Ұйымдастыру алқасының мекенжайы:

Астана қаласы, Сол жағалау, Сауран 7а, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. Индекс 010000

Байланыс телефоны: 87172-40-83-97; 40-83-93.

30.10.2015, 15:52
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
0 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus