ҚазақшаҚазақша
News

«Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп интернет редакцияның қызметін реттеуде арнайы заңнаманың жоқ екенін, сондай-ақ, көптеген интернет редакцияларында кіріс көзі жоқ екендігін айтып өтті.

«Қаламгер  Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықбай балалар мен жасөспірімдерге арналған контенттің аздығын айтты. Бүгінгі интернет тілін жетік меңгергендердің дені жастар болғанмен, олардың қажетін өтейтін дүниелердің жоқтығын жеткізді.

Конференция барысында дәстүрлі БАҚ-тың жойылу қаупі туралы өзекті мәселе қозғалды. «Казахстанская правда» газетінің Басқарма төрағасының орынбасары, интернет-редакциясының бас редакторы Дана Саудегерова: «Конвергенция дегенді дұрыс түсінуіміз қажет. Ол дәстүрлі БАҚ-ты жоюшы емес, қайта оның мобильділігі пен жылдамдығын арттырушы» деген пікір айтты. 

«Esquire.kz» интернет жобасының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова бүгінгі конвергентті журналистиканың олқылықтары туралы айтты. «Журналист өзі мақала жазып, өзі суретке түсіріп, өзі монтаж жасайды. Осының салдарынан көп жағдайда контенттің сапасы төмендейді» дейді. Гүлнар Бажкенова бірегей контент дайындауда сапаның маңызды екенін атап өтті. 

29.09.2014, 17:08
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
0 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus