ҚазақшаҚазақша
News

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр атырап – қазақтың кең даласы! Қазақ даласында біз біле бермейтін небір қазына бар. Небір туристік орындар мен әсем табиғаты бар мекендер жеткілікті. Енді осы байлығымыз бен қазыналарымызды насихаттау үшін арнайы экспедициялық топ құрылып, елдің түкпір-түкпірін аралап, барымызды асыруға сапарға аттанды. Бұл экспедициялық топтың атауы «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» деп аталады.  

Мұндай игі бастамалар басқаларға үлгі болатыны анық. Әлі күнге дейін қай өңірде қандай байлығымыздың бұғып жатқандығын білмейміз. Небір тарихи орындар мен қорықтар, таулар мен өзендер, балбал тастар, күмбір-күмбір күмбездерді осы экспедициялық топ жалпыға таныстыратын болады. «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициялық тобының бұл бастамасына Елбасы да алғысын білдіріп, арнайы Маңғыстау өңіріне барып, сапарларына сәттілік тілеп қайтты.

Мемлекет басшысы Ақтау қаласының жағалауында экспедицияға қатысушылармен кездесті. Елбасымен кездесуде экспедицияға қатысушылар жобаның мақсаты мен өңірлер арасындағы мәдени алмасуға үлес қоссақ деген өздерінің ұмтылыстары туралы кеңінен әңгімелесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудағы кездесуде патриотизмді нығайту жолында және елдің туристік әлеуетін дамытуда осындай бастамалардың маңызды екендігін атай отырып, экспедицияға қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Елбасы Ақтаудағы экспедицияға қатысушылармен ғана емес, осы өңірдегі жастармен,  атап айтқанда Маңғыстау облысынан шыққан «Болашақ» стипендиясының түлектері, Назарбаев Университетінің тыңдаушылары, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары, мәдениет пен ғылымдағы жас қызметкерлер қатысты.

Әңгіме барысында олар өздерінің жетістіктерін ортаға салды және жастардың бастамаларын дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау үшін алғыстарын білдірді. 

«Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Қазақстан жастарын еліміздің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі туралы ортақ идеяға біріктіруге бағытталған. Оның құрамында этнограф, блогшы, журналистер мен фотографтардан құралған 20 адам бар.

Қазақстанда құрастырылған бес автомобильге мінген экспедиция тобы екі ай бойы республикамыздың түкпір-түкпірін аралап, . Оған қатысушылар экспедиция аяқталған соң фильм жасап, фотокітап шығарады. 

 

2.10.2014, 17:54
 
Actions
Бөлісу
 
Rating
 
1 дауыс
Comments
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus