ҚазақшаҚазақша

Интернеттегі материалды саралай отырып, біз ең көп қаржы жұмсалған 10 фильмнің тізімін жасап шықтық.
26.02.2014, 14:10
 
Режеп Тайип Ердоған жетекшілігіндегі «Әділет және өрлеу» партиясы белгілеген сайлау әні халықтың назарын қазақтың ұлттық аспабы домбыраға, ал журналистердің назарын осы домбыраның иесі Түркия қазақтарына аударды.
24.02.2014, 12:17
 
Елордалықтар үшін құлақтандыру! 14 ақпан күні Қаллеки театрында өтетін "АБАЙ" спектакльiне шақырамыз! Қоюшы режиссері: Әлiмбек Оразбек.  Басты рөлде: Нүркен Өтеулов. Басталу уақыты: 18:30. Жіберіп алмаңыздар! "El.kz" үшін арнайы суреттерді әзірлеген: Әсел Мұздыбай.  
13.02.2014, 18:05
 
Қырықтың бесеуінде...  деп жазған ақын Мұқағали сол қырықтың бесеуінде фаниден бақилыққа аттанды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен өмірбаянын қарап отырсаң, бар өкініштісі, ол – ақынның бақилыққа сонша ерте аттанғаны. Өз заманына сыймай кетті ғой! Бүгінде ол тірі болса 83 жасқа келер еді...  Амал қанша. Ақынның бізге қалдырған   650-ден астам лирикалық өлеңдері бар екен. Әрқайсысы өзінше әдемі, әсем келеді. Ойландырады, толғандырады,  жігер береді. Соның ішіндегі шоқтығы биік  «Моцарт. Жан азасы» реквиемі ше?
10.02.2014, 12:06
 
Шет ел, алыс жер дегеніңіз сондай сиқыр сияқты, әлдебір тылсым күшпен өзіне ылғи тартады да тұрады. Оңтүстік Корея. Бұл елді біреулер жұмбақ десе, енді біреулер жұмақ дейді. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық емес пе?
21.01.2014, 19:11
 
Кеше Астана қаласының Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығында Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды. Қазақ елінің Тәуелсіздігін тұңғыш таныған түрік ағайындар Астана төрінде де алғашқылардың бірі болып қастерлі мерекені тойлауға кірісті.
11.12.2013, 18:21
 
11 декабря, в день рождения аргентинского певца и киноактера, знаменитого «Короля танго» Карлоса Гарделя (Carlos Gardel, 1887 (или 1890) — 1935), отмечается Международный день танго — праздник танца, философия которого заключена в противоборстве. Жизнь в танго бьет ключом, а в центре танца — Мужчина и Женщина. Их взаимоотношения, страсти, конфликты, примирения, «третий лишний», ревность, ненависть — все чувства, которые наполняют человеческую жизнь.  
11.12.2013, 09:25
 
13 желтоқсан күні сағат 18.00 –де Астана қаласындағы «Назарбаев орталығында» өтетін «Шаһнама» антологиясының тұсаукесер рәсімі және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Сыр елі жыршы-жырауларының «Жыр-керуен» атты жыр шашуы өтеді. Жыр кешінде «Шаһнама» дастанынан үзінділер мен Тұрмағамбет шайырдың терме-толғаулары жырланады.
10.12.2013, 16:47
 
6 желтоқсанда «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ, Қазақ радиосының төл жобасы – «ДАЛА ДАУЫСЫ» ІІ Халықаралық радиофестивалі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау кеші өтті. Бұл ірі жобада радиотыңдаушы және кәсіби мамандар анықтаған үздік әндердің орындаушылары өнер көрсетті. Фестивальға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен  өнер жұлдыздары өнер көрсетті.
9.12.2013, 17:32
 
«Әпке» телехикаясының тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков,  «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрайымының өндіріс жөніндегі орынбасары Олжай Қайнар Қалиақпарұлы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры І.Ысқақов және «Әпке» телехикаясының  режиссері Нұргелді Сәдіғұлов, сценарисі  Жәмит Көшербаев және фильмде рөлдерді сомдаған танымал актерлер қатысты.
9.12.2013, 14:48
 
Тулаған Тоқырауын өзені бойындағы Ақтоғай жері Алаш азаматтарының алтын бесігі. Алаштың жақсы-жайсаңдарының кіндік қаны тамған жер. Ауыздыға сөз бермеген, істің төрелігін айта отырып әділдіктің ақ туын жықпаған Қараменде мен Шабанбай билер, Алты алаштың қамын жеген Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев және күміс көмей әншілер Әсет Наймантайұлы, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, ақиық ақындары Кенішбай мен Шашубай, Нарманбет секілді жыр дүлділдері дәл осы топырақта дүние есігін ашты. Отаны үшін жанын берген Қазыбек Нұржанов, Нүркен Әбдіров сияқты аңызға айналған Кеңес Одағы батырларының бойына бабалар рухын сіңірген де осы Ақтоғай болатын.
6.12.2013, 10:26
 
Торғай - қазақ тарихына  небір жақсы мен жайсаңды  сыйлаған, қойнауы қазынаға толы қасиетті өлке. Осы Торғай даласындағы Арқалық қаласында асылдың сынығы, көненің көзін көрген, он саусағынан өнер тамған Шөптібай Байділдин ағамыз тұрады. Елге «оюшы аға» болып танылған шебермен етене әңгіме құрудың сәті түсіп еді жақында.
6.12.2013, 10:23
 
Қазақ шежіресі – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Қазақ халқының арасында атадан балаға ауызша жетіп, кейіннен қағазға түсіріліп бірнеше ұрпақтың арасында аманат болып осы күнге жеткен. Сол аманаттың жүгін бүгінгі күні қалай арқалап жүрміз? Шежірені қолға алып, қоғамға таныстырып, елдің алдына ұсынған ғалымдарымыздың жұмысында не даналық бар екенін білгіміз келді. Бірақ біздің сұхбат алатын кейіпкеріміз Сіз ойлағандай тарихшы-ғалым немесе көз майын оқып тауысқан оқымысты да емес. Бар жоғы, қызығушылықтан қызықты еңбек тудырған жас шежіреші Шыңғыс Төлегенұлы Оразалы.
6.12.2013, 10:21
 
Қарт Ұлытаудың қай тұсына да көз жүгіртсеңіз ұшы-қиыры көз жеткізбейтін төрт құбыласының бүгіп жатқан сыры, үңілсеңіз тереңге кетер тарихы, зер сала қарасаңыз елітіп әкететін табиғаттың құдіреті бар. Бүгіп жатқан сыры мен тереңге кетер тарихтың  шежіресі. Кешегі өткен Жошыдан Кенесарыға дейінгі аралықтағы хандардың мекені, әрісі сақ-ғұн замандарының ескерткіштері сөзімді дәлелдей түседі. Табиғаттың өзіне елітіп әкететін өзіне тән сұлулығы, өзені мен көлдері өзінше бір бөлек әлем. Сол бөлек әлемінің бөлшектерінің атауларын тізіп шығу да мүмкін емес. Ілияс Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» деп аталатын өлеңін оқыған боларсыз?!
6.12.2013, 10:19
 
Әрбір әулеттің, әрбір шаңырақтың өзіндік дәстүрі, жазылмаған ережесі, ұстанар қағидасы болады. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тіршілік қарекеті де осынау қалыптасқан дәстүр аясынан табылып, өніп-өрбіп отырады. Бұл тәлім-тәрбие бір кіндіктен тараған ұрпақтың алдағы өмірлеріне  бағдар, тіршілік-тұрмысына - таусылмас азық. Мұны қалыптастыратын отбасының ұйытқысы, әулеттің ақылшысы әрі алтын қазығы  Ана.
6.12.2013, 10:18
 
661-675 of 702
Нәтижелер саны: