EnglishEnglish
Post view

7 жылда ТМККК аясында медициналық ұйымдарды қаржыландыру 1,8 есеге ұлғайды

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) аясында арнаулы, жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен лизингтік төлемдерді өтеу мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру соңғы 7 жылда 1,8 есеге ұлғайды (2010 жылғы 162,2 млрд. теңгеден 2016 жылғы 297,3 млрд. теңгеге дейін).

Ол 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің аясында халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету» (әрі қарай - БҰДЖ) бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

БҰДЖ енгізу екі кезеңде: біріншісі (2010-2012 жж.) – стационарлық деңгейде, екіншісі (2014-2016 жж.) – амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады.                          

БҰДЖ негізгі қағидалары: пациенттердің стационарды еркін таңдауы; медициналық көмек көрсетудегі бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру; медициналық қызмет көрсету үрдісінің ашықтығы; медициналық ұйымдарды көрсетілген медициналық көмектің көлемі, сапасына байланысты көрсетілетін нәтижесіне қарай қаржыландыру.

MinZdravSocRazv 20.12.2016, 16:21 __comments_count__
Comments
Order by: 
Per page: 
 
  • There are no comments yet

comments powered by Disqus

Rate
0 votes
Actions
Recommend
 
Categories
Видеоблог (2 posts)
Жеке блог (698 posts)