ҚазақшаҚазақша
Post view

100 нақты қадам: кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және Елбасының «100 нақты қадам Ұлт жоспары» және 5 институционалды реформаның 1-ші бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша қабылданған нормативтік актілерді түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 23 желтоқсанда Департаментпен          «100 нақты қадам: кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында оқыту семинар өткізілді.

           Аталған  шараға үкіметтік емес ұйымдардың: «БҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, Орал қалалық ардагерлер ұйымы, «Нұр Отан» ХДП, БҚО мүгедек балаларының «Байтерек» қоғамдық бірлестігі, «Көмек» ҚБ, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Дос» қоғамдық қоры, БҚО төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы, «Нұр» ҚБ өкілдері қатысты.

Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары М.С.Нұртазин ҚР Президентінің жарияланған реформалары еліміздің барлық орталарында кең көлемде талқыланып, жаңа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру бірінші реформада айқындалғанын ескере кетті. Бұл ретте реформаны жүзеге асыруда азаматтық қоғамның басты рөлі көрсетіліп, мемлекеттік қызметке іріктеуде және өткеруде бақылаушылар институтын енгізу туралы айтылды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізудің қағидаларын, байқаушылар мен сарапшылардың мүмкіндіктерін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелерін түсіндіру бойынша Департаменттің басқарма басшылары В.Н.Масимова мен Б.С.Ибрашев сөз сөйледі.

Семинар жұмысының соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

 

 

 

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 23.12.2016, 20:22 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
23.12.2016 (820 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)