ҚазақшаҚазақша
Post view

Әбділдәнің Ақбалық атануы

  

-Ғұламалар сынына келіп пе ең сен?

Әбділдәмен отырған сұрасып жөн.

Жігіт оны тіркеді тізімге енді,

Әбділдә Бытыұлы ең соңы сен

Сегіз болмай келгейсің осы жерге,

Тек, бауырым, кешігіп қала көрме,-

Деген еді.

Есіктен кірген тұста:

-Кел, Әбділдә,- деді,-  шық төрге.

Түс таласа сынаққа бұл да енген,

Тірі жан жоқ келді-ау деп көңіл бөлген.

 Төрде отырған бір уыс қаусаған шал

Аты-жөнін сұрады мұның толық.

-Құранды кім түсірді?

Қорғайтын кім?- деп сұрады.

 Бұл сауал талайлардың қаққан шаңын.

Мұхаммед деп шатысып кейбіреулер,

Білетіндер етісті жымың-жымың.

-Алла,- деді түсірген оны көктен,

Кім қорғасын оны артық құдыреттен.

-Кімнен қорқу керегін білемісің?

-Бір Алладан,- дегенде күлім еткен.

Ғұламаларға сонан соң басын изеп,

Ізет қылып отырды енді сіз деп.

Бір ғұлама:

-Бахара, Тәуба, Мәриям, Юныс,

Қиямет сүрелерін жатқа айтыңыз,

Сонан соң мазмұндаңыз,-

Дегенінде мүдірмей жауап берді бірден

Бас ғұлама:

-Ырзасыз ба? « иә» деген.

-Шәкіртке біз де ырзамыз.

Білесіз бе Шығыстың шәйірлерін?

-Дей алмаймын, әрине, көп білемін,

Омар Хайям, Науаи, Сағди, Фзулидің

Жатқа айтып біраз жырын

Талдап кетті танытып жаңа қырын.

Сан пәндерден сонан соң сауал болған,

Жауабына ғұламалар көңілі толған.

Бас ғұлама:

-Дейміз ғой біз әдетте білім – теңіз,

Мына балық

Тұңғиғына сүңгітті бізді апарып.

Бұл «Ақбалық» деңізші, бұл – Ақбалық.

Аузы уәлі бұл акаң сені танып,

Бата берем бұған деп тұр сұранып.

Осылайша ғұлама бата беріп,

Орындалды Алланың әмірі ұлық.

Білімнің 21 жыл қазып кенін,

Армансыз қаталаған басты шөлін.

Хазірет атағын ап айбыны асып,

Оралды Бестаудағы аңсап елін.

Бұхарада бір шәкіртке ұшырасып,

Танысты төс қағысып  құшақтасып.

Қайтарда әлгі жігіт аманат деп,

Мұсаға хат берген ед көңілі тасып.

Деген ед «Мұса мырза – нағашы ағам,

Жиені жүргендігін есен-аман.

Бұл жақта жеткізе гөр  ол кісіге,

Болмасын деп айтты де маған алаң».

Сол хатқа Мұса мырза көзін салған,

Опыр-ау не боп барад мына жалған?

Жиені Хадырбибіні қалың малсыз

Ұзат деп Ақбалыққа қолқа салған.

Ақбалық қалыңсыз қыз Мұса мырза

Ашкөзді ағайындар болар ма ырза?

Қалыңсыз ұзатса да кедей болмас,

Себебін ашып жазса тым құрыса.

Деген ой Мұсаны да мазалаған,

 Жиені ақылға кенде емес ед пайымды еді,

Ел үшін жан қиюға дайын еді.

Қарындасын атаса Ақбалыққа,

Болар ма бір қасиетін бағалаған.

Шақырып игі жақсы, сырластарын,

Мұса мырза оларға  сыр ашқан-ды.

Хазірет шариғатқа жүйрік шығар,

Біле ме шариғаттан бұл басқаны.

Қазақтың өткен-кеткен жайын қозғап,

Билердің билігінен құрды тұзақ.

Ақбалық әрі шешен, әрі тапқыр,

Тарихтың төскейіне кетеді ұзап.

Жақсыларға жөн білер ілдірмеді,

Кейбірі  сүйсінгенін жасыра алмай,

«Опыр-ай, опыр-ай!- деп міңгірледі.

Оңаша игі жақсылар қалған тұста,

 Жиенін қалың малсыз Ақбалыққа 

Ұзатпақ екендігін  білдірген-ді.

Осылай болды Ақбалық қалыңдықты,

«Мұса мырза біздердің құдамыз» деп

Бестауда исі сырым даурығысты.

Қалыңсыз Мұса мырза қыз берді деп,

Атағы Мұсаның да шықты күшті.

Сүлеймен  Баязитов

Muxit 01.07.2018, 14:27 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
01.07.2018 (142 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Жеке блог (214 posts)