ҚазақшаҚазақша
Post view

Беймәлім ұстаз

   

Керекуден мал айдап шыққан күні,

Бір керемет таңқалыпты ерек мұны.

Түсіне ақ сәлделі молда кіріп,

Тербетеді әлдилеп әзиз үні.

Оқыды  ұзақ уақыт аят бағдар,

Талай түн аятпенен тербеп жанын,

Ұқтырып қағидасын мұсылманның,

«оқы» деп кетерінде қайталайды.

-Қарағым,-  оқуда деп болашағың,

Қарт ұстаз жоқ болатын бейне сағым.

Ақыры, Ташкентке де келіп жетті.

 Мешіттің  табалдырығынан аттай беріп,

Адам айтса нанғысыз көрді кепті.

Қарсы алдына түсінде көрген ұстаз,

Сан бағдар жолықпастан берген ұстаз

-Кел, кел!- деп  құшақ жая қарсы алып тұр.

Ілесті «жүр» деген соң ұстазына.

Дегенмен деген еді талай сан қап.

Оқуға танытады алғырлығын,

Білуге құштарланды білім сырын.

Арада үш жыл өткен кезең еді,

Әлдекім улы тілін безеп енді.

-Сеніңдер Әбділданың күні бітті,

Ештеңеге жарамай қалды тіпті.

Бұхараға сол кетіп қала ма деп,

Жүреді  көңілің әбден болып күпті.

Бір акам бұл іске араласып,

Әркімдердің көрікті тамырын басып.

Әбділдәнің ұлтын айтқан кезде,

Қара табан қазаққа ауылы қашық,
Бұйырмайды ол жақтан депті нәсіп.

Жалғыз орын ондағы менікі деп,

Хайыр акаң тұр қазір үміті үдеп.

Жеңісіме мен солай сеніп тұрмын,

Әбділдәні тірідей көміп тұрмын.

Осы сөзді Әбділдә естіп қалып,

Ол Хайыра беттеді айбаттанып.

Ыза болып намыстан күйіп-жанып,

Иығына ұстазы қолын салып.

Ер соңымнан дейді де кетті алып,

Ұстазы еді Хайырдың зәресі ұшты,

Іс бүлінді.

Құрыдым, құлатады іштен шалып,

Әбділдә ұстазымен үйге кірген.

Ұстазы «отыр» деді оған бірден,

Ал өзі екеуіне шай қамдаған,

Тараған жүзіндегі мана кірбің.

Сонан соң шәкіртіне шай ұсынып,

Әбділдә осы сәтте сәл қысылған.

-Шайды мен құйсам қайтед,- деген еді,

-Қолайсыз.

-Не бар дейсің онда тұрған,

Сіз менің қонағымсыз, шәкірт бала,

Күні ертең күнің туар болар дара.

Сонда сен ұстазыңды есіңе алып,

Иманды болсын дерсің сол бейшара.

Сеніңіз Құдай үшін келер күнге,

Жеңіске жетеріңе түп түбінде.

Кейбіреу көзге ілмес назар салып,

Байлық пен биік мансап былай қалып.

Көгіне туған елдің білім алып,

Шығарың, айналайын, сенің  анық.

Болғандар бәсекелес жолда қалып,

Шыққанда өз күшіңмен қанат қағып.

Өмірдің он сан жылы өтері анық,

Осыны ұстағайсың ойда берік.

Адамға айғай емес ақыл керек,

Айғайшыл білім таяз пенделерден

Достары кетері анық ақыр жеріп.

Сен мұнда оқығалы үш жыл өтті,

Бетке алар Бұхараны мезгіл жетті,-

Дегенде шәкірті оған баяндаған

Баяғы түсіндегі көрген кепті.

-Солай де,- деді ұстазы тыңдап болып,

Жанарына ыстық жас тұрды толып.

-Бәрі оңай бір Аллаға,- деді дағы

Орнынан көтерілді бата беріп.

Бұхара медресесіне қиырдағы

Елдерден сансыз шәкірт жиылады.

Солардың көпшілігі Әбділдәнің

Талассыз біліміне ұйыр әлі.

Сүлеймен  Баязитов

Muxit 01.07.2018, 14:32 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
01.07.2018 (19 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (212 posts)