ҚазақшаҚазақша
Post view

Ақбалық пен Абайдың сынасуы

 

Семейдің думаны артық, шуы бөлек,

Күніне бір жаңалық, бір тың дерек.

Әйгілі Алты алашқа аттары ерек,

Оқыған Зиялының көбі осында,

Атайды Семей халқы Абайды ерек.

Сол Семей бүгін тағы шулап кетті,

Күні ертең Ақбалықтың соты депті.

Үстінен арыз қылған Қабыш екен,

Оны ма Ақбалық Хазірет тепкілепті.

-Жоқ, Хазірет маңына барған емес,

«Мырзамын» деп Алламен қылыпты егес.

Хазіреттің ишарасымен Балтабай ер

Жұрт алдында Қабышты етіпті жер.

Сонымен сот болады бүгін десті,

Сот маңына жиналды ессіз есті.

Хазірет ақ патшаны боқтапты деп,

Өзара әлдекімдер күңкілдесті.

Ақбалық келе жатты топты жарып,

Ұсынған кейбіреудің қолын алып.

Қасқайып қарсы алдынан шыға келген

Абайға сәлем берді тоқтап танып.

-Уақыт тар сізге қояр сауалым бар?-

Деді Абай.

-Сұраңыз ал.

-Қазақта екіқабат әйелдерді

Албасты басад деген әпсана бар.

Маған соның мәнісін ұғындырсаң.

-Апырай ұстамайтын жерден ұстап,

Қайтейін, Абай мені тұрсың қыстап.

-Бұл жерде босанатын әйел мен де,

Ал басатын албасты... сізге ұқсап.

Ду күлкі соттың алдын кетті кернеп,

Сөз қуған қазақ үшін бұл бір ермек

Құшағын ашып Абай Ақбалыққа

-Кел, кел, бауырым,

Тауып кеттің тар жерде тың бір өрнек,-

Дегенде ел аузында аңыз қалған,

Сол сотты біле алмадым немен тынды.

Аяғы сиыр құйымшақ болған сын-ды.

Сарытауда мешіт медресе салдыртқан-ды,

Жер-жерден ұстаздарды алдыртқаны,

Біз үшін дерек дер ем аса құнды.

Сан бала ұстаз алдын көріп енді,

Ақбалықты талассыз тұлға танып,

Соңынан ұстаз тұтып еріп еді.

Ислам дінін еліне тарту еткен,

Түндіктің төңірегінде өмірі өткен.

Қызыл шат, қара шаты қыс жайлаған,

Жаз жайлаған,

Шарықтап алты алашқа аты кеткен.

Ақбалық туған елдің түлегі еді,

Артында қалған сансыз түлегі енді.

Салихиден Хазіреттен бастау алып,

Ақыры Садық пен Шүкірлерге тіреледі.

Шүкірді жас кезімде көзім көрген,

Кеш білдім Ақбалықтай асыл ерден.

Сабақ ап ислам дінің қорғағаның,

Заманға қарсы тұрып меңіреу меңмен.

 

Сүлеймен Баязитов

Muxit 01.07.2018, 14:23 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
01.07.2018 (80 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (212 posts)