ҚазақшаҚазақша
Post view

Үздік жас мемлекеттік қызметші

22 маусымда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының концерт залында «23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшілері күніне» орай Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс қазақстан облысы  бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры «Үздік жас мемлекеттік қызметші» облыстық байқауын өткізді.

Мақсаты – жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жас мемлекеттік қызметшілерді қоғамдық өмірге белсене араластыру, дарынды жастарға қолдау көрсету, 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің күні кәсіби мерекесін тиісті деңгейде атап өтуге атсалысу.

Аталған байқауға облыстың және аудандық мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқарып жүрген барлығы 21 мемлекеттік қызметші құжат тапсырып, келесі кезеңде 17 үміткер сайысқа түсті. Байқау таныстыру, зияткерлік және шығармашылық бөлімдерінен тұрып, сайысқа қатысушылар өз бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды –Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы А.Егеуова, 2 орынды – Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Ташуов, 3 орынды – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының бас маманы А.Токанова иеленді.

Сонымен қатар, «Жаңашыл жас маман» аталымы бойынша  ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің  БҚО бойынша департаментінің бас маманы М.Қарекенова, «Озық ойлы жас маман» аталымы бойынша Орал қаласы Зачаган кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж.Жумагалиев, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы М.Балгайшиева, «Өнерлі жас маман» аталымы бойынша Теректі ауданы, Аңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Ахметов марапатталды.

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 23.06.2015, 16:05 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)