ҚазақшаҚазақша
Post view

Қазпошта Қазақ хандығының 550-жылдығына орай марка шығарды

қыркүйек, 2015. Астана. «Қазпошта» АҚ айналымға Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған пошталық марканы айналымға енгізді. Марканың әрленімін суретші Рақымжан Ахмедин дайындады.  

Марканың тұсаукесеріне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев, елдің басты пошта қызметінің басшылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты.

«Президентіміздің бастамасымен биыл біз Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өтудеміз. Өздеріңіз білетіндей, өткенсіз болашақ та жоқ. Тарихсыз халық болуы мүмкін емес. Қазпоштаның бүгін 550-жылдыққа орай арнайы марканы шығаруы, ол өте керемет шара. Бұл барша әлемге тарихымызды таныту және Қазақ мемлекеті не екендігін көрсетуге Қазпошта басшылығының көрсетіп жатқан қолдауы, бұл министрліктің қолдауы», - деді Б. Сапарбаев.

Үкімет басшысының орынбасары айтып кеткендей, 2015 жылдың басынан бастап Қазақстанда Қазақ хандығының 550-жылдығының аясында шамамен 500 кітап жарық көрді.

Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта жазушылар, ақын, ғалымдарымыздың көмегімен біз көптеген басылымдар шығаруға ұмтылып жатырмыз. Соңғы 8 ай ішінде ғана Қазақ хандығының 550-жылдығының аясында 500-ге жуық кітап шығарылды. Бұндағы мақсатымыз барша әлемге Қазақстан секілді елдің бар екендігін көрсетіп, оның халықаралық қауымдастықта тәуелсіз ел болуға барлық құқығы бар екендігін, оның тек қазақстандық ғана емес, шетелдік ғалымдардың еңбектерімен расталған терең тарихи тамырлары бар екендігін көрсету», - деп қосы Бердібек Машбекұлы.

Еске салып кетсек, 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған мерекелік шаралар қатары өтеді. Олардың ішінде Елбасы, шетелдік қонақтар, халықаралық қауымдастық, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, т.б. қатысатын салтанатты жиын, ірі халықаралық кітап көрмесі, «Барыс» мұз кешеніндегі көлемді театрландырылған қойылым бар.

mki_gov@mail.ru 09.09.2015, 09:50 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (11 posts)
Жеке блог (84 posts)
новости (525 posts)