ҚазақшаҚазақша
Post view

Сұлулардың сыбыры

Есеп десе әу бастан қылпып ішім,

Берекелі безіп кетер ед қашып түсім.

Төрт амалға қиналған мен бейбақтың

Математикаға қалайша батсын тісім?

-Кел, кәне,Баязитов, тақтаға шық,

Зайда апайдың қашанда даусы нық.

Жазып болып берілген тапсырманы,

Көтере алмай мен тұрмын еңсемді тік.

Ту сыртымнан Кәкима сыбырлады,

Мадина ма, Кадибал ма бірі ымдады,

Ұға алмадым, ештеңе жаза алмадым,

Сасқан сәтте абдырар жыным барды,

Зайда апай:

-Келіп тұр кімді алдағың?

Ерегеспей есепті шығар кәне!

Жөн деп шештім бұл жолы екі алғаным,

Өйткені ме сыбыры сұлулардың,

Баураған ед болашақ ақын жанын.

Бұл сырымды сол сәтте олар білсе,

Түңілер ме ед деп мұның мақтаншағың.

Еске түссе албырттау аусар шағым,

Сұлулардың сыбырын сағынамын.  

           Сүлеймен Баязитов

 

 

 

 

 

 

 

    

 

Muxit 19.06.2016, 19:06 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
19.06.2016 (460 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Жеке блог (180 posts)