ҚазақшаҚазақша
Post view

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің барысы туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабын іске асыру аясында 2018 жылдың 12 қаңтарында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы А.А. Галеева Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың сапалы жүргізілуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың тетіктері мен негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізудегі тәжірибелік ұсынымдар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мониторингі туралы түсініктер берілді.

Сындарлы диалог өткізіліп, департаменттің қызметкерлері қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.

Антикоррупционная-служба-2015-04-04 12.01.2018, 16:25 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
12.01.2018 (187 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (837 posts)