ҚазақшаҚазақша
Post view

Пікір-сайыс ойындары – жас көшбасшыларды шыңдау мектебі

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «БҚМУ «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы» жастар қоғамдық бірлестіктерінің Департаментпен қол қойған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспарын іске асыру шеңберінде пікір-сайыс ойындары ұйымдастырылды.

2015 жылдың 30-31 қазан күндері Батыс Қазақстан облысында «Серпін» білім бағдарламасы аясында оқып жатырған студенттер арасында «Аламан» облыстық конкурсы оздырылды. Конкурс спорттық және шығармашылық сайыстардан тұрады. Конкурстың бағдарламасына сәйкес қатысушылар арасында пікір-сайыс ойындары өтті. Пікір-сайыс ойындарына 8 топ қатысып, өз бақтарын сынады.

Жеңімпаз топтар конкурстың гала концертінде марапатталды.

2015 жылдың 1 қарашасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «БҚМУ «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті.

Пікір-сайыс турнирінің қарарларына бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер енгізілген. Турнирге жалпы саны 30-ға жуық команда қатысып, қарарларда берілген мәселелерді шешу бойынша өз ойларын ортаға салды.

1 мен 2 раундтарда «Бұл палата қазақстандық ұлттық брендті қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады» және «Бұл палата Қазақстанда «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізудің ең басты пайдасын көрсетеді» қарарлары ойналды.

Шешуші кезең болған 3 раундта, «Бұл палата қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолын ұсынады» қарары суырылып, қатысушылардың талқылауына ұсынылды.

Турнир қорытындысы бойынша баптары мен бақтары оза шапқан командалар жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегер командалар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 03.11.2015, 11:35 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)