EnglishEnglish
Post view

Польшалық примадонна «Айналар травиатасында» шырқайды

20 қазан, 2015. Астана. Жарқыраған сопрано Катажина Мацкевич тыңдарманды өз отаны Польшада, сонымен қатар өзге елдерде қайран қалдырып жүр. 22 қазанда операәлемінің атақты әншісі «Астана Опера» театрының Үлкен залында, Дж. Вердидің «Травиата» операсында Виолеттаның партиясын әріптесі, Альфред партиясына дайындалып жатқан Медет Шотабаевпен шырқайды. Жермонның рөлін Талғат Мұсабаев сомдайды. Дирижерлік тізгінде — Абзал Мұхитдинов.

Көптеген марапаттарға қол жеткізген жас әнші, жақында лауазымдар қоржынын Санкт-Петербордың «Алтын софит» атты Бас театрлық сыйлығымен толықтырды. Мұнымен қатар, ол Санкт-Петербордың Мәдениет комитеті өткізген «Отыз үш адамның таңдауы» атты конкурста музыкалықтеатрдыңүздік актрисасыноминациясын жеңіп алды.

Катажина Мацкевич таңдаулы тағамдардың рецептін жинап, әзірлегенге әуес екен. Түрлі ас мәзірін дайындап қана қоймай, дәмді тамақтанғанды ұнатады. Қазақтың қандай асын дайындай аласыз деген сұраққа әртіс, тәжірибесі шамалы екенін, алайда әлі-ақ бұл олқылықты түзететінін жасырмады. -Маған сіздердіңқой етінен әзірленетін тағамдарыңыз қатты ұнайды! Виолеттаның рөлін ойнау оңай емес, сол себепті қой етінен әзірленген дәмді тамақ артық етпес еді, — деп қалжыңдады әнші.

Ол Виолетта партиясын өткен жылы К. С. Станиславский және В. И. Немирович-Данченко ат. Мәскеудің музыкалық театрында алғаш рет орындады.

Операсының кейіпкері ретінде Верди қоғамнан аластатылған әйелді алады; композитор оны операның атауында да арнайы көрсетеді («Травиата» — итальянша — салдақы, адасқан). Композитор Виолеттаны, тек оны қоршаған жеңіл ойлы орта алдында ғана емес, рақымшыл зиялы қауымөкілдері - Жорж Жермон мен әкесі Альфредтің жанында адамгершілігі мен жан сұлулығы биік тұрған жан ретінде паш етеді.

— Режиссер Х. Брогхаузбен бұрындары жұмыс істеген жоқпын. Бұл қойылымның үзінділерін тек баспадан көрдім. Мен үшін бұл қызық тәжірибе болғалы тұр. Маған декорациялар мен костюмдер өте ұнады!Бұған дейін мен К. Бәйсейітова ат. опералық театрдың сахнасында, мен құрметтейтін дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновпен өнер көрсеттім. Жаңа тамаша «Астана Опера» ғимаратында шырқайтын күн жақын қалды. Мұнда өнер көрсеткен әншілердің көпшілігі театрдың акустикасына таңданады. Әрине, кез келген әнші үшін барлық әлемдік стандартқа сай және үздік дирижерларды, режиссерлерді және орындаушыларды әріптестікке шақырған театрдың сахнасында басты партияны шырқау — үлкен құрмет және жауапкершілік, — дейді Катажина Мацкевич.

Александр Дюма-ұлының «Камелия ұстанған ханым"романының желісімен жазылған опера алғаш рет 1853 жылдың 6 наурызында «Ла Фениче"театрында қойылған. Либреттоавторы — ФранческоМария Пьяве. Хеннинг Брокхауздың қойылымындағы «Айналар травиатасы» операсының тұсауы «Астана Опера» сахнасында тура бір жыл бұрын кесілді.

«Травиата» операсы сондай-ақ 15 қарашада басқа әншілер құрамында орындалатынын айта кету керек. Виолеттаның партиясын Айзада Қапонова шырқаса, Альфред — Мейір Бәйнешов, Жермон — Ескендір Әбжанов, Талғат Ғалеев.

mki_gov@mail.ru 20.10.2015, 17:27 __comments_count__
Comments
Order by: 
Per page: 
 
  • There are no comments yet

comments powered by Disqus

Rate
0 votes
Actions
Recommend
 
Categories
Видеоблог (11 posts)
Жеке блог (84 posts)
новости (525 posts)