EnglishEnglish
Post view

Мен Заңды құрметтейтін азаматпын!

Бүгін Орал қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «Я – законопослушный гражданин» атты 10-11 сыныптардың қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.

Сабақта оқушыларға Департаменттіңсыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқып, қай уақытта да жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру керектігін айтты.

Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады», жаднамасы таратылды.

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 17.04.2015, 20:35 __comments_count__
Comments
Order by: 
Per page: 
 
  • There are no comments yet

comments powered by Disqus

Rate
0 votes
Actions
Recommend
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)