ҚазақшаҚазақша
Post view

Күн шығыс елінің әуені «Астана Операның» Мәрмәр залында шырқалады

Жапондық қонақтар — жарқыраған сопрано Акико Хаякавамен көрнекті маэстро Коичи Иноуэелордалық театрдың сахнасында өнер көрсетеді. «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі және қазақстандық опера жұлдыздары — Сүндет Байғожин мен Мейір Бәйнешов қатысатын концерт қарашада,«Жібек жолы» фестивалінің аясында Мәрмәр залда өтеді.

Мазмұнды да, қызықты бағдарламада — аса көрнекті жапондық композиторлар Коичи Кишидің, Тору Такэмицудің, Дан Икуманың вокалдық және аспапты шығармалары. Тыңдарман назарына сонымен қатар батыс еуропалық классиктердің жауһарлары — Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» һәм «Тоска», Дж. Вердидің"Сарай ақыны» һәм «Тағдыр күші", Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз», В. А. Моцарттың «Фигароның тойы» операларынан увертюралар, ариялар мен дуэттер ұсынылады.

Жапония — озық технологиялар мен көне көркемдік дәстүрлер елі. Жапондық музыкалық мәдениетті вокалдық, аспаптық, вокалдық-аспаптық, театрлық және басқа жанрлардың сан алуандығы сипаттайды. Халықаралық деңгейде мойындалған белгілі жапондық композиторлар Коичи Киши, Тору Такэмицу мен Дан Икума, жапондық классикалық музыканың түрлі дәуірлерін паш етеді.

Тамаша әнші-сопрано АкикоХаякава — Йокогама опералық театрының солисті, Токиодағы Кунитачи музыка академиясының түлегі, Жеке ән шырқаудан жапондық конкурстың бірінші сыйлық иегері. Вокалист Еуропа және Азия елдерінде үлкен табыспен өнер көрсетіп жүр.

— Мен орындайтын жапондық үш композиция — Жапонияның классикалық музыкасының үлгілері. Жапондық әнші ретінде мен оларды тыңдармандарыңызға ұсынғым келеді. Олар өте әдемі және тыңдауға тұрарлық! — деп атап өтті Акико Хаякава. Әнші маэстроКоичи Иноуэге үлкен құрметпен һәм ыстық ықыласпен қарайды: «Ол тек тамаша дирижер ғана емес, сонымен қатар операда білімі тереңұстаз».

Коичи Иноуэ Токионың Гагукеймемлекеттік университетін және «Санта-Чечилия» консерваториясын тәмамдап, «Ла Скала», Арена ди Верона, «Сан-Карло», «Ла Фениче», «Реджио» сияқты еуропалық ірі театрларда дирижерлік шеберліктің құпиясын меңгерді. Әйгілі дирижер жеке өмірінде де классикалық аспапты және опералық музыканың жанкүйері болып табылады, өзінің сүйікті музыканттары ретінде маэстро Вильгельм Фуртвенглерді, Артуро Тосканиниді, Герберт фон Караянды және басқаларын атады.

— Осы кеште орындалатын шығармалар тыңдарманның көңілінен шығатынына сенімдімін. Аталған концерттің шеңберінде бізкомпозитор Дан Икуманың"Юдзуру» («Тырнаның қауырсыны») операсынан Цуариясын ғана орындаймыз, алайда күндердің бір күнінде операны толығымен ұсынар едім. Біздің Акико Хаякавамен әріптестік құрғанымызға 10 жылдан асты, ол керемет әнші. Қазақстандық тыңдарманның әсем музыка кеші тамаша өткенін тілеймін, — дейді Коичи Иноуэ.

АкикоХаякавамен КоичиИноуэ, Жапония мен Қазақстан музыканттары бірлесіп қоятын концерт екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты бекіте түсетін құнды шара болатынына сенімді.

Концерт Қазақстандағы Жапония елшілігінің қолдауымен өтеді

.pic_3744_559.jpg&px=200|150pic_3744_560.jpg&px=200|150

mki_gov@mail.ru 02.11.2015, 15:21 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (11 posts)
Жеке блог (84 posts)
новости (525 posts)