EnglishEnglish
Post view

Заң – тәртіп кепілі

2015 жылдың 29 сәуір күні 15.00-де Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мәжіліс залында «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» жобасы аясында «Заң – тәртіп кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, студенттері қатынасты.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы құқық бұзушылық мәселесі, сыбайлас жемқорлық көріністері туралы және оның алдын алу жолдары талқыланды. Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуына әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Сондықтан әр адам қоғамдағы құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай, оның алдын алуда өз үлестерін қосу керек.

Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент консультанты Б.Хайруллин қатынасты.

 

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 30.04.2015, 18:34 __comments_count__
Comments
Order by: 
Per page: 
 
  • There are no comments yet

comments powered by Disqus

Post info
Rate
0 votes
Actions
Recommend
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)