EnglishEnglish
Post view

Ертең IСТМ 43-ші Бүкіләлемдік конференциясының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

22 шілде, 2015. Ертең Астана қаласында IСТМ 43-ші Бүкіләлемдік конференциясының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

IСТМ Бүкіләлемдік конференциялары 1947 жылдан бастап дүниежүзінің түрлі аймақтарында екі жылда бір рет мерзімімен өткізіліп келеді. Бұл шара өткізудің көлемділігімен және дәстүрлі мәдениеттердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы, бүкіл әлемнің мәдени дамуындағы айрықша маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазақстанда өтетін бүкіләлемдік маңызы бар аталмыш іс-шара әлемнің 70-тен аса мемлекетінен келетін 800 жетекші ғалым, сарапшылар мен музыкалық өнер саласындағы ұйымдастырушылардың басын қоспақшы.

Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия секілді т.б. көптеген мемлекеттердің өкілдері бір апта бойы ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді зерттеу саласында пікір алмасатын болады.

Өткізілетін уақыты мен орны: 2015 жылғы 22 шілде, сағат 17.00

Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы,50, Қазақ Ұлттық өнер Университеті 

Журналисттерді шараға аккредитациялау үшін баспасөз қызметіне келесі телефон номерлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-04-05, +7(7172)74-04-07.

 

mki_gov@mail.ru 21.07.2015, 17:42 __comments_count__
Comments
Order by: 
Per page: 
 
  • There are no comments yet

comments powered by Disqus

Rate
0 votes
Actions
Recommend
 
Categories
Видеоблог (11 posts)
Жеке блог (84 posts)
новости (525 posts)