ҚазақшаҚазақша
Post view

Диалог алаңы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы Ашық келісім әзірледі.

Ашық келісім 9 бағытқа қамтиды. Олар:

1.1.            Жастар және жастар ұйымдары;

1.2.            Әйелдер және әйелдер ұйымдары;

1.3.            Бұқаралық ақпарат құралдары және олардың өкілдері;

1.4.            Құқық қорғау және кәсіподақ ұйымдары;

1.5.       Мәдениет қайраткерлері, кинематографиялық ұйымдар және кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға, таратуға, пайдалануға және оларға азаматтарды тартуға байланысты басқа да ұйымдар;

1.6.       Этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктер;

1.7.       Діни ұйымдар;

1.8.       Ғылыми, педагогикалық жұмыскерлер және ғылым мен білім өкілдігі мүшелігіне негізделген қоғамдық бірлестіктер;

1.9.       Кәсіпкерлік субъектілері.

Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдармен, мекемелермен, ұйымдарымен бірлесіп, Ашық келісімді кеңінен талқылау жүргізілуде. Нәтижесінде Ашық келісімнің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жасақталатын болады.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жастардың және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің рөлі» тақырыбында диалог алаңын бейне байланыс жүйесі арқылы өтеді деп жоспарлануда. Бейне байланыс арқылы барлық облыстар пікір алмасады, ал Агенттік негізгі модератор болып саналады.

Бүгінгі диалог алаңының міндеттері:

-     сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;

-     білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу;

-     сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау арқылы жастарды және Қазақстанның жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту;

-     сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және білім беру саласында жастардың бастамаларын қолдау және іске асыру т.б.

 

Диалог алаңына университеттердің ректорлары, проректорлары, білім басқармасының басшысы, әділет департаменті басшысының орынбасары, колледж директорлары, ғалымдар, оқу орындарындағы тәрбие ісі бөлімдерінің жетекшілері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен көшбасшылары қатысуда деп күтілуде.

Бүгінгі таңда 12 ұйым, 2 жеке тұлға Ашық келісімнің қосылу актісіне қол қойды. 5 ұйым ниет білдіруде. Ашық келісімге қосылатындар саны одан әрі артады деп сенім білдіреміз.

 

 

 

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 18.11.2015, 18:16 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
18.11.2015 (1221 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)