ҚазақшаҚазақша
Post view

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылғы 23 желтоқсандағы өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Орал қаласы мен Зеленов ауданының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты  тәртіптік істер қаралды.

Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі қаралып, талқылау қорытындысы бойынша кеңес Хатшылығымен ұынылған Кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бір ауыздан мақұлданды.

Әрі қарай, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Орал қалалық №2 сотының жеке ұйғарымы негізінде, Орал қаласы әкімі аппатарының басшысы С.Р.Нұртазаев пен Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы К.К.Мухамбеткалиевтің қалалық тұрғын үй комиссиясының жұмысын тиісті деңгейде үйлестірмеу мәселесі бойынша тәртіптік істері қаралып, нәтижесінде аталған бөлімге жүктелген осы функцияның тиісті деңгейде жүзеге асырылуына бақылау жасамай, Әдеп кодексі нормаларының талаптарын бұзғаны үшін, К.К.Мухамбеткалиевке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы қала әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Сондай ақ, аталған тәртіптік іс материалдарын қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, іс-әрекетінде бұзушылық белгілерінің анықталмауына байланысты комиссия мүшесі С.Р.Нұртазаевқа қатысты қозғалған тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Соңында, Кеңес отырысында Зеленов ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде, Зеленов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Р.М.Мусакулов пен Инспекцияның бас маманы Д.А.Амангосованың аудан көлемінде орналасқан шаруа қожалықтарына тиесінше тіркеуден өтпей, 2015 жылдың қыркүйек-қазан айларында бонитирлеу (бағалау) жүргізген жеке тұлғаларға әкімшілік шара қолданбау мәселесіне қатысты тәртіптік іс материалдары қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне байланысты, қозғалған тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылданды.

 

 

 

Антикоррупционная-служба-2015-01-16 23.12.2016, 16:32 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
23.12.2016 (820 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (897 posts)