ҚазақшаҚазақша
Post view

Бизнестің әлеуметтік жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз-2014» конкурсы туралы

 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 2008 жылдан бастап жыл сайын өтетін "Парыз" конкурсы бекіткен болатын.

2014 жылғы қазанда жергілікті атқарушы органдар тарапынан үміткерлердің құжаттары мен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындылары министрлікке толық келіп түсті.

Биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз-2014» конкурсына қатысу үшін республиканың барлық өңірлерді қамтитын  584 үміткерден өтінім ұсынды (2013 ж. 534, 2012 ж. 507), кейбір ұйымдар бірнеше номинациялар бойынша құжаттарды тапсырған.

Комиссия жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». «Үздік ұжымдық шарт». «Экологияға қосқан үлесі үшін». Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Қорытындылар  шығару, жеңімпаздарды марапаттау 2014 ж.  желтоқсанда жүзеге асырылады.

2013 жылда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Парыз» республикалық сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында алтын лауреаты болды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Леонид Ларичев: «Кәсіпорынның жұмысына мынадай баға беруі – бұл еңбекті көп қажет ететін көп жылдық еңбегінің лайықты нәтижесі, және де компания қызметкерлерінің өз ісіне деген адал және жауапты қатынасының көрсеткіші. Кәсіпорындар ұжымының тәртіпке салынған жұмысы мен жоғары кәсіпқорлығы, орасан зор өндірістік тәжірибесі, сондай-ақ озық технологиялардың енгізуі, жабдықтың жаңартуы және бар активтердің жаңғыртуы осының барлығы компания жетістігінің кепілі болып табылады»,- деп айтты.

 

 

 

 

MinZdravSocRazv 20.11.2014, 12:16 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (2 posts)
Жеке блог (698 posts)