ҚазақшаҚазақша
Post view

А. Цой және Италияның Елшісі С. Раваньянмен кездесті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. Оның барысында тараптар денсаулық сақтау және әлеуметік даму саласындағы перспективалық бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында итальяндық компаниялардың  денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті дамытуға қатысуы, Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестициялар және инновациялар тарту мәселелері қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша итальяндық компаниялардың Қазақстанның фармацевтикалық саласын  дамытуға қатысу мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.

2009 жылғы 5 қарашада Рим қаласында Қазақстан Республикасы және Италия Республикасы арасында стратегиялық серіктестік жөніндегі қол қойылған Келісім-шарт шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.

MinZdravSocRazv 03.07.2015, 12:34 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
03.07.2015 (1360 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (2 posts)
Жеке блог (698 posts)