ҚазақшаҚазақша
Post view

Ақбалық Хазірет - (поэма)

Жұпыны киіз үйлер,

Жұтаң тірлік

Отырған шал -кемпірлер тәуба қылып.

Көз ашқалы ес жиып көргені осы.

Түскен сәтте Әбділдә ойына осы,

Бұзылады әманда көңіл хошы,

Кедейлік кезенесін кептірген ел,

Тоз-тоз ғып берекесін кетірген ел.

Тұрмысы тұралаған сорлы қазақ,

Қатарына кірерме жетілген ел,

Күн туар ма өзге елдей көтерер бел.

Соны ойлап жиі-жиі басы қатып,

Сілелеп ауыр ойдан қонар жатып.

Деген ой

Қайтпек керек, қайтпек керек,

Мазалап Әбділданы толғантты ерек.

Болса да аса алғыр тіпті зерек,

Тірелді тығырыққа жол таба алмай,

Шешімді қайдан таппақ елден ерек.

Шапанын иініне іліп сыртқа шықты,

Сап жатқан қойшысына қиғылықты

Барқыраған бай даусын естігенде,

Әбділдә аңдаған ед бір сұмдықты.

-Қойды неге жаймайсың өрістетіп?

Күннен күнге барады күйі кетіп,

Әкеңнің... қой қырылса құртам сені,

Сен, нәлет, білмей жүрсің әлі мені.

-Байеке, өрістетер өріс қайда?

Қылтанақ қалмағанын бұл маңайда.

Кеткенін күнге күйіп, желмен ұшып,

Өзіңізге айттым ғой қайта-қайта.

-Патшағар, не қыл дейсің сен Құдайға?-

Деп мені киіз үйден шықтың қуып,

Оған да уақыт өтті айдай жуық.

Күз келді күні ертең қыс түседі,

Жұт болса...

-Жап аузыңды, Құдай сақтар!

Пәлені шақырмаңдар, зәнталақтар!

Әбділдә тыңдап тұрған осы сөзді

Ойға азық алған еді тың бір ақпар.

Әй, Құдай, қалай мұны сақтамақшы

Елге кім басшы қылған  ақымақты?

-Іздейін күн көрістің жаңа қамын,

Қаладағы байларға жалданамын.

Көрейік солай кәузап тірлік қамын,

Шай үстінде отбасына сырын ашты.

Боп отырмын қалаға жылжымақшы,

-Қазан баққан еркекке сән емес,- деп,

-Анажан, деді мына сіз айтпақшы.

Ешкім оған қалаға бар демеді,

Бірде бірі және де қал демеді.

Қаладан сәті түсіп табыс тапса,

Отбасы сәлде болса әлденеді,

Деген ой үлкендерді меңдеген-ді.

Осы үміт жетегінде әке-шеше

Баталарын берісіп «бар» деген-ді.

-Еңсеңді ел қатарлы көтер енді,

Жиырмадасың шолжаңдау жетер енді.

Өз ойына жымиып өзі күліп,

Қасынан аймақтың бұл өте берді.

-Әй, жігіт, бір минутқа тоқташы!- деп,

Бір бейтаныс кес-кестеп төтеледі.

-Атым, Акбар, Ташкенттің өзбегімін,

«Сарт» дейді осындағы ақымақтар.

-Бестаудың қазағымын, Әбділдәмін,

Дей алман ондағылар мені мақтар.

-Пендесін біз сияқты Құдай сақтар.

Екеуі осылайша әзілдесіп,

Аз-мазырақ сыр андап тұрды да есіп,

Шаруаларының түйінін айтты шешіп.

Шаруаларын айтқан көкей тесіп.

-Саудагермін,

Қалаға келген едім іздеп нәсіп,

-Ал онда қазір мұнда кеме келед

Кемеден жүк түсірер адам керек.

-Таптым деп есептеңіз,

Тек, ака, еңбегімді жеп кетпеңіз.

-Уәде,- деген еді бұған анау.

-Уәде Құдай аты деп тұрсың-ау.

Акасы сөзін толық ұқпаса да,

Бас иіп, бәйек болып тұрды шұлғып.    

 Айлаққа кеме келіп  тоқтағанда,

Әр тұста қара құра топталғанда,

Акасы сол заматта ертіп мұны,

Кемеге өз үйіндей ертіп кірді.

Сол жерде кілтін ашып қоймасының:

-Ал, малай, менің жүгім бәрі осының.

Бір-бірлеп сыртқа шығар, тек асықпа,

Шығамын мен далаға кең ашыққа.

Мен  саған көрсетемін қояр жерді.

Әбілда сыртқа тасып жәшіктерді,

Аянбай бұрқыратып төкті терді.

 Жәшіктер толған жеміс: алма, жүзім,

Жемісі жаңа түскен қоңыр күздің.

Ал Акбар жәшіктерді қатарлап тұр,

Мына жер сатып алған орын біздің.

Деп біреу қасыма кеп ақырып тұр,

Жанжалға бейшараны шақырып тұр.

Әбділдә жетіп келіп жанына оның

Көрсет деп қағазыңды ақырған-ды

Сол сәтте әлгі жым боп тына қалды.

-Ұстаңдар, тонаушылар, тонаушылар,

Бізді үптеп кетпекші ғой, сірә, бұлар.

Әлдекім айқай салды «әкенді» деп,

Жұртты тонап алуға бұлар құмар.

Мұны көрген Акбардың зәресі ұшып,

Әбілданың босатпай қолын қысып.

-Қарағым, кем қылмаймын сыбағаңды,

Қасымнан кетпеші деп жылаған-ды.

Бұйрыққа барма  рәуа,

Барма дауа

Екеуі тіл табысты мынаң қара.

 Аканы теспей сормақ пысықайлар

Болды енді кәдімгідей артын ойлар.

-Әбділдә бұл қаланың өз адамы,

Аулақ жүр өшіктірсең пәле сайлар,-

Десетін бір-біріне халге жеткен,

Акбардың осы жайға көзі жеткен.

Әбділдаға шай-пұлын аямаған,

Айтатын әкіреңдемей сөзін еппен.

 

      Ауылда

Базардан Әбділданы көзі шалған,

Мына жұрт Бытыныңа есін алған.

Кенжеұлы Әбділдәсы сартта малай,

Десеңдер тексертіңдер сөзім жалған.

Қаңқу сөз ауыл үйді аралаған,

Жүрегін анасының жаралаған.

Күндердің бірінде көшкен елдей

Әбділдә сартын ертіп келе қалған.

Әбділдә көшір емес, көшір бала,

Алланың жарылқауын мынаң қара.

Әлгі сарт әлдене деп айта қалса,

Сөйлейді Әбділдаға жаутаң қаға.

Бытының шарасынан май кетпеген,

Жұтта да жайы жоқ ед етпеттеген.

Қолда барды ұқсатып, жоқты тауып,

Ұстауда ед аз ағайын елді еппенен.

Ағайынға күйі төмен бірер малды

Қыстан аман шығуға келмес халі,

Күзде сойып  бәріне үлестірген.

Өзін-өзі ақтады бұл амалы

Олар да қунақы ед өзге жұрттан.

Байлардың арасында Быты сырттан

Дейді екен мұны естіген Акбар ака.

Біршама отырыпты болып аң-таң.

...Дегенде қыс аяғы жақындады,

Акпар ака: «Әй, Әбділдә, -деген ед,- мені тыңда,

Көп екен бай орыстар мына қырда.

Солармен қайтер еді сауда қылсам».

-Әй, ака, нендей сауда айтшы тура.

-Өгіздерін айтамын, өгіздерін

Салмақтары үзердей жердің белін.

Соларды атып алып Ташкент ассақ,

Еңбегіміз жанар ед сенің, менің.

Сол күннен Керекудің маңындағы

Деревня, селоға сабылған-ды.

Еңбектері ақталып ақырында,

Кепілге  алатын мал табылған-ды.

 

         Алла қағып

Шыққалы үш жарым ай бұлар жолда,

Қалды артта талай ауыл оң мен солда.

Шаң борап қалың малдың тұяғынан,

-Жаратқан жолымызды өзің оңда,-

Деп қойып мал соңынан ергендердің,

Бейнетін жол бойында көргендерін

Келеді аз сөзбенен түйіндегім .

Десеңші ел басынан не кешпейді,

Бұл сөзге келіс мейлі, егес мейлі.

Қарақшының соңдарынан ере шыққан,

Көзіне төгілген қан елестейді.

Келгенше күткен еді осы маңға,

Түтігіп аптап пенен қара шаңға.

Азаптан күні ертең құтыламын,

Мен түгіл ізім қалмас осы маңда.

Ал оның қара түнде қалбаң қаққан

Кім білсін тап болғанын бұл қай жақтан,

Әйтеуір кезіккенен сұрар еді.

-Әкелсем алар ма едіңдер мал бір жақтан?

-Жоқ, -десті,- нишлактарда мал өтпейді,

Бір уыс жерін әркім өбектейді.

Өйткені мал ұстауға жер жетпейді,

Ташкентте малың сенің өтер, бәлкім.

Ол жақта етті ұқсатар ел көп дейді.

Осылай тауы қайтып пәтшағардың

Тұсына таянғанда Ташкент шәрдың

Сол түні бір байламға келгені анық.

Мыналардың малдарын тартып алып,

Малды айдап кері қарай аяңдармын.

Мылтығын асықпастан алып оқтап,

«Әкеңді» деп бір мықтап алды боқтап.

Бір қатын арысым деп сені жоқтап,

Мен үшін құрбанымсың оққа байлар,

Сонан соң  қонды атқа күліп сақ-сақ.

Әбділдә таң намазын оқып тұрды,

Ерекше күндегіден шалқып нұры.

-Осыны атсам болды басқаларын

Көрмеймін ызыңдаған шыбын құрлы.

Қарақшы қарауылға алып оны,

Тақады шүріппеге барып қолы.

Сол сәтте жер мен көкті шаңмен жауып,

Бұрқырап ұйытқи соқты құйын долы.

Аты үркіп әлденеден аспанға атты,

Сарт етіп, басы жерге тиді қатты.

Аяғы үзеңгіден шықпай қалып,

Ат тулап тулақтай қып сүйреп бақты.

Қыр асып ә дегенше кете барды,

Көдеде аққан қанның ізі қалды.

Апырай, қарақшыны көре тұрып,

Құдайға тұрды Әбділдә құлдық ұрып.

Әбділдә:

-Біздерді бір Алланың өзі қақты,

Елге аман қайтар болсақ тіпті жақсы.

Осылай көрінгенге сыр ашсаңдар,

Кек алар тісін басқан сан қарақшы.

Ешкімге айтпақ түгіл жақ ашпаңдар,

Бұл менің тыйым сөзім таласпаңдар,-

Деген соң олар да сап тиылған-ды

Әбділдә ата-анасын қиырдағы

Сағынып бір сәт еске ала тұрып:

-Олармен аман-есен қауыштыр,- деп

Сол сәтте  бір Аллаға сиынған-ды.

Сүлеймен  Баязитов

Muxit 01.07.2018, 14:35 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
01.07.2018 (80 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (212 posts)