ҚазақшаҚазақша
Post view

Ақбалықтың ишарасы

 

-Төрден сырыл, әрі отыр, төр – менікі,

Үй иесі жаратпай меңмендікті.

-Әй, қарағым, сені мен шақырдым ба?

Қоймайсың ба бас артық есерлікті!

-Білемісің, әй, төбет, жер кімдікі?

Білмесең, жер де, төр де  біл менікі!

Өйткені  мырза барған жерде төр сенікі.

Қаласаң болад  деп ед жер сенікі,

Деген ед сондықтан да  Төр менікі.

-Мырзаң кім? Ол кісінің аты бар ма?

-Жұрт осы шоқырында басын қарға.

Аты жоқ. Оның аты – мырза, мырза.

Көкте Құдай,

Жерде ол болсаң ырза.

Еріксіз осы сөзге куә болған,

Ақбалық ... Мырзаң кім сұрағанша.

-Шариғатта мырза кім айтшы, шырақ?

-Жер мен көкті жаратқан Құдай мырза.

Жанды жансыз бәрін де қылған ырза,

Ал бізде мырза атын иемденген,

Танымасаң басыңды ием деген,

Бүйі болып қаласам тием деген,

Ауылымның маңынан сәлем бермей өтсең,

Сені оңдырмай ұрады кием дейтін,

Аяқ асты бір мырза пайда болды.

Күні-түні күзетші торид жолды.

Сәлем бермей пәлеге өтеміз деп,

Дүре жеген арқамыз сан күп боп болды.

 Бізді қойшы молданы аңдып тұрып,

Сәлем бермей өттің деп қылғындырып,

Сақалынан жетелеп дүре соғып,

Ана жылы танытты сойқан қылық.

-Ал жұрт қайда?

-Ой, Ақа, кешіріңіз жұртыңыз кім?

Мырза ақырса, баладай болады жым.

Оны қой молданы айтшы қанша ұрса да,
«Мырза де» деп жер тепкілеп бұйырса да,

«Доңызды доңыз» деймін деп қайталады.

-Әй, әке, мырза деші ерегеспе,

Қайтеміз өліп кетсең осы егес

Сүйегіне ұрпақтын таңба емес пе?

Бір жұтым қымыз үшін арын сатқан.

Бір молда өле қалсаң орның дозақ,

Тартады мәңгілікке жаны азап,-

Деп жоқты айтып былжыраған.

Ақбалық бөліп сөзін былай деді:

-Қайтерсің, ол – адамның бейшарасы,

Әйтсе де табылмай ма бір шарасы?

Бұл сөзді Балтабай ер өзінше ұқты,

Бұл маған Ақбалақтың ишарасы.

Сол түннен атын біраз таң асырды,

Қара түнде қамшы сілтеп аласұрды.                             

Атына қарғып мініп , қарғып түсіп,

Сезінді өзін жеңіл бала сынды.

Асықпай түске қарай атын ерттеп,

-Ал, мырза, не саған, не маған серт,-

Деді, мырза ауылын бетке алды,

Бәйекке ауыл алды тоқтай қалды.

Сұлады көк құраққа көзін жұмып,

Аты тұр көк құрақты үзіп жұлып.

Әкеңді... боқтық борап ауыл жақтан

Келеді атқа қонған бірер жігіт.

Бұл дағы жүйрігіне қарғып мініп,

Жортаңдап алға қарай кетті жүріп.

Аттылар ұбақ-шұбақ келеді ұшып,

Сонан соң әлгілерге қарсы шапты.

Қамшысын сілтегенде кеткен ұшып

Жігітке қарамастан

Қуғыншы топқа түре араласқан.

Әп- сәтте бірнешеуін түсірген соң,

Ай- түйге енді аялдап қарамастан,

Мырзаның ауылына келген кіріп.

Зәресі ұшқан жандар зыр жүгіріп,

-Ойбай, мырза, қамшыгер Балтабай бұл,

Кетеді қармайды елді қырып.

-Әй, -деді ол сәлем бермей мырзаға,- сен

Рауа мұның ұшып тірі көмсем,

Әйтсе де айбынды кешіремін,

Атыңды астыңдағы маған берсең.

Осы сәт тақымына қысып алып,

Танытты айуанға күшін анық,

-Кешір, аға, кешір!- деп еңіреді,

Босатпасаң тақымында болам қарық.

Атасаң шын атыңды босатамын,

-Мырза атым, мырза менің...

-Өлтірмей сені, сірә, келмес жөнің,

Өлгенде шын атыңды ел біледі,

Дегенде деп қорс етті «Қабыш» едім.

Осы сәт тақымынан алды жұлып,

Анау тұр «Қабышпын» деп қасқырша ұлып.

Осылай жұртына естірткен ед,

Шын атын айуанның жұртты жиып.

-Қабыш де, Қабыш де,- деп жұрт шуласты,

Біз сорлы мырза деппіз бұл тулақты.

-Ағайын,- деді сол сәт Балтабай ер,-               

Ой салған маған Ақаң ишарасы,

Әманда асқан жанға мейманасы.

Есіне салу деді ол елдікке сын,

Екенін елдің қоры, бейшарасы.

-Әй, сенің атың кім?- деп тағы ақырды.

-Қабыш, Қабыш!

Байғұстың есі кірді, кірді ақылы,

Десіп ел жатқанында Балтабай ер

Ат басын ауылына бұрды ақыры.

Сүлеймен Баязитов

Muxit 01.07.2018, 14:26 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  • Әлі ешкім пікір қалдырған жоқ

comments powered by Disqus

Post info
01.07.2018 (80 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Видеоблог (1 posts)
Жеке блог (212 posts)