ҚазақшаҚазақша
Post view

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖАСӨСПІРІМДІ ТАПТЫ

6 ақпанда Жамбыл ауданының полиция бөліміне ауылдық медицина колледжінің студенті 17 жасар қыз балажоғалып кеткендігі туралы хабарлама түскен болатын.       Ұзынағаш ауылында тұратын қыз бала өзінің жақындарымен ренжісіп қалып, үйінен қашып кеткендігі анықталды. Жасөспірімді іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы кірісіп, бір тәуліктен соң облыстық Іздеу бөлімінің жедел уәкілдері қосылады. Із-түссіз жоғалған тұлға туралы тұспал өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне таратылады.
      Көрші аудандардағы, Алматы және Талдықорған қалаларында тұратын таныстар шеңберін тексеріп болғаннан соң, үшінші тәулікте жоғалған тұлғаның орны анықталды.
      Кеше кешке іздестіру тобымен жоғалып кеткен қыз бала облыс орталығынан аман есен табылды. Қыз бала құрбысының үйінде қонақта болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліп, туыстарының келгенін тосуда. Қыз баланың туыстарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізелетін болады. 

dvd7su 15.02.2017, 12:10 __comments_count__
Пікірлер
Реттеу: 
Нәтижелер саны:  
 
  •  dvd7su: 
     
     
     157 Күн бұрын 
    0 дауыс
     

comments powered by Disqus

Post info
15.02.2017 (157 Күн бұрын)
Дауыс беру
0 дауыс
Іс-әрекеттер
Бөлісу
 
Categories
Жеке блог (48 posts)
Тегтер
Бос