ҚазақшаҚазақша
Жоба туралы
Жалпы

El.kz – «Қазконтент» акционерлік қоғамына қарасты қазақ және орыс әлеуметтік желі.

Мақсаты

««El.kz» әлеуметтік желісі – Интернеттегі қазақша мәдени, этнографиялық контентті дамытуға арналған әлеуметтік желі. Басқа әлеуметтік желілерден ерекшелігі «El.kz» өз қолданушыларына контент ұсынады. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру, Қазақ елін насихаттау, рухани байлығы мен мәдени жетістіктерін дәріптеу, ең бастысы Әлем Қазақтарының қатынас жасауына арналған ортақ, бірегей ресурсқа айналу да «El.kz» әлеуметтік желісінің негізгі ұстанымдарының қатарында.

Тарихы

«El.kz» әлеуметтік желісі 2012 жылдың 15 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. 2012 жылдан бері 16 мыңнан астам материалдық қор жинақталған. 1 мыңнан астам жеке блогшылардың жазбалары жарық көрген. 2014 жылдың қорытындысы бойынша «El.kz» әлеуметтік желісіне 3 169 358 адам кірген.

Құрылымы

«Өз елім» дейтін бөлімде әр сайт қолданушысы өз парақшасын ашып, жеке фото, видео, аудио орната алады. Блог жүргізіп, әртүрлі достар табуға болады.

«Зерде» бөлімінде мақалалар, видеолар, кітаптар (отандық және шетел әдебиеті), аудиокітаптар, әртүрлі фотолар және әуендер орналасқан. Сондай-ақ, «Жамбы ату», «Теңге алу», «Қыз қуу», «IQ doda» зияткерлік ойыны, «Алтын сандық» танымдық ойыны, «Батырлар» жекпе-жегі, «Аударыспақ», «Тоғызқұмалақ» – математикалық әрі спорттық ойыны және «Қазақ ауылы» танымдық ойыны, «Бәйге» секілді ойындар бар.

«Ел тану» атты бөлімде әлемдегі әр елдің халқы, тарихы, мәдениеті, ірі қалалары туралы мәлімет алуға болады.

«Журнал» бөлімінде этнография, ғылым және техника, ІТ-әлем, психология бойынша оқырманға қажетті мақалалар жарияланады.

«Қазақ елі» бөлімі Қазақстанның әр аймағындағы облыс, қала, аудан, елді-мекендер туралы мәліметтер жариялуға арналған.

Сондай-ақ, сайтта мектеп бітіруші түлектерге және 9-сыныпты бітіретін оқушыларға арналған ҰБТ сұрақтары бар. Қолданушылар сайттың қызметін пайдалана отырып, 13 пән бойынша өздерінің дайындығын пысықтап отырады (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, дүние жүзі тарихы, география, биология, химия, физика, алгебра).

Сайтта ақысыз онлайн курстар да бар. Бұл жерде қазақ тілін, интернет негіздері, HTML негіздері, photoshop негіздері, интерактивті қазақ тілі курсы, Abobe After Effects негіздері, Adobe Dreamweaver негіздері және Windows Server негіздерін үйренуге болады.

Біздің топ:

Айгүл Шерниязова – шығарушы редактор

Бақытгүл Абай – шығарушы редактор

Айнагүл Тығымбаева – координатор

Роза Әрен – журналист

Рүстем Әлпи – журналист

Ая Өміртай - журналист

Нұрбек Әлманбетов – фотооператор